Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы
Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» және 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Біржолғы сыйақы төлей отырып, «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеудің қосымша шаралары белгіленсін.
- Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының педагогтарына «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін беру комиссиясының құрамы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері, наградталушыларды анықтау шарттары;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне берілетін куәлік.
- «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
5