Спорт

Спорт

Басқарманың миссиясы Маңғыстау облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың,  сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

2) бұқаралық, олимпиадалық, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.

4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.