Маңғыстау облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық коммуникация орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

 Мекеме  қызметінің мәні өңірлік атқарушы органның қызметін ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша қызметін қамтамасыз ету, өңірде қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысы серіктестігінің тиімді тетіктерін құру, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді іс-қимылына жағдай жасау, сонымен бірге, жаһанданудың барлық заманауи тәуекелдері мен сын-тегеуіріндерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғырту болып табылады.

- баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

-жергілікті атқарушы органдар үшін түрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар (дайджесттер) дайындау;

-өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;

-интернет-ресурстарда мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілетуге қатысу, әлеуметтік желілерде және өзге де медиалық коммуникациялық форматтарда жүйелі жұмысты жүзеге асыру;