Кәсіпшілік балық аулау бөлімі
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру- Кәсіпшілік балық аулау – өндірістік мақсатта, халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде, сондай-ақ балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылатын аулау.
Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.
- Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
- Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
- Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
- Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
- Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
Балықты аулау түрімен танысып болсақ енді балық аулауды кімдер жүргізе алатынына тоқталайық.
ҚР " Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 35-ба Балық аулау құқығы
- Кәсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаты;
2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.
- Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
Сонымен, балық аулау және балық аулау құқығы кімдерде екенімен танысып болсақ, балық аулау үшін қажетті қадамдармен танысайық.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беру мемлекеттік қызметі ҚР-ның “Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану турал” Заңымен реттеледі. Қызметті жергілікті атқарушы органдар, яғни Маңғыстау облысы бойынша, Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы көрсетеді. Алайда су қоймасы, екі және одан да көп облысты қамтитын жағдайларда, ғылыми-зерттеу аулау үшін рұқсат алуда – уәкілетті ведомство ҚР АШМ Балық комитеті көрсетеді.
Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға беріледі, егер:
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану туралы рұқсаты болса;
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен шарт жасалса (шарт конкурс жеңімпаздарымен жасалады).
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерді бекіту конкурстық негізде, Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурс қорытындысы бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіп беріледі. (40-бап, 1-тармақ, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заң).
- Қызмет көрсету тәртібі
- Қызмет тек электронды түрде «e-license» порталы арқылы көрсетіледі.
- Қажетті құжаттар:
- Белгіленген нысандағы өтініш;
- Төлем құжаты.
Қызмет көрсету мерзімі — 3 жұмыс күні.
Назер аударыңыз! Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барысында ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес, әуесқойлық (спорттық) балық аулау резервтік қорда рұқсатсыз жүзеге асырылады. Алайда бір адам бір шыққанда 5 кг балық аулай алады.
Заңның 37-бабына сәйкес, су айдындары мен учаскелер уәкілетті орган шешімімен бекітіледі. Бекітілген учаскелер туралы ақпаратты Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасының сайтынан қарауға болады.
Сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды аулауға қатаң тиым салынады. Бұл талапты бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №18-04/17 бұйрығына сәйкес, рұқсатсыз балық аулауда бекітілген, кәсіпшілік емес құралдарды ғана қолдануға болады.
|
Балық аулау құралдарының кәсіпшілік емес түрлері (барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары ені 12 миллиметрден артық емес қармақтармен жабдықтандырылады) |
||
|
2.1 |
Қармақ: қалтқылы, тереңдік, жерлицалар, үйірме |
тұрақты |
|
2.2 |
Кішкентай жылтырағы бар қармақ - мормышка |
тұрақты |
|
2.3 |
Ілмекті дорба |
тұрақты |
|
2.4 |
Су астыңда аң аулауға арналған мылтық |
тұрақты |
|
2.5 |
Әр түрлі үлгідегі спиннингтер |
тұрақты |


