Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3353 болып тіркелген);
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 «Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 58 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3388 болып тіркелген).
- «Маңғыстау облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
19
27 шілде 2021 15:49
27 шілде 2021