Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары – Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының әкімдігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Басшының орынбасары: еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуге; өзінің өкілеттілігі аясында Басқарма бөлімдерінің қызметіне бақылау және оперативтік басшылық жасауға; Басқарманың бағынышты бөлімдерінің облыс әкімінің тапсырмаларын орындау және жұмыс жоспарын орындау бойынша қызметті ұйымдастыру, үйлестіру және талдау жасауды қамтамасыз етуге; заңнама талаптарына сәйкес еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыруды және үйлестіруді, оның ішінде бақылаудың басқа да түрлері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша орындалуы міндетті үйғарымдар беру, хаттамалар мен қаулылар құруды, ҚР заңнамаларымен қарастырылған басқа да материалдарды дайындауды қамтамасыз ету; арнайы тексерулерді уақытылы және сапалы өткізілуін бақылауды іске асыру және жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құру туралы бұйрықтарды бақылауды жүзеге асыру, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны талдау; мемлекеттік органдардың мәжілістеріне және кеңестік- консультативтік отырыстарға материалдарды уақытылы дайындау; еңбек қатынасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша азаматтардың арыздары мен шағымдарын толық және уақытылы қаралуын үйлестіру; еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді қарайды;  өндірістегі жазатайым оқиғалардың жұмыс берушімен уақытылы тексеру және тексерудің толықтығын үйлестіруді қамтамасыз ету; қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырудың сапасын үйлестіруді қамтамасыз ету; басқарма бөлімдеріндегі бағыныштылармен іс өндірісінің, құжаттаманың тиісті гүрде жүргізілуін бақылау; басқарманың басшылары мен бөлім қызметкерлеріне лауазымдық нұсқама жасақтау және оларды Басқарма басшысына бекітуге ұсыну; азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды жүзеге асыру; заңдарды қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және бағалауға қатысу; өзінің өкілеттілігі шегінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- кимыл туралы» Заңның орындалуын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиісті түрде қабылдамағандығы үшін жауапкершілік жүктейді; басқарма құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қолдауға; Басқарма жүмысшы органы болып табылатын кеңестік- консультативтік органның қызметін тиісті түрде ұйымдастыруды қамтамасыз ету; өз қүзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Өзінің құзіреттілігі және өкілеттілігі аясында Басқарма басшысымен жүктелген басқа да міндеттерді іске асыруға міндетті. (блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.01.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2022 – 19.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Актау, 14 микрорайон, дом 1, кабинет № 434

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон для справок: 8 (7292) 316228