Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы
Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
Д-О-4 санаты үшін: жоғары білім,
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санат |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
D-О-4 |
195 895 |
255 514 |
|
Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты |
||
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, № 434 кабинет. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7292) 316228, электрондық мекенжайы: su.tlepov@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
- Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы – Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Мұнайгаз, құрылыс, технологиялық машиналар мен жабдықтар, органикалық заттардың химиялық технологиясы және басқа да қызмет салаларында еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзірлеуге. Жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қатынастары мәселелері бойынша өтініштерін қарауға; жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыруға. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізуге. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыруға. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма басшысымен келісе отырып қоғам және бұқаралық ақпараттық құралдарымен байланысты қолдауға. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға. Бөлім басшысына мерзімдік есептерді, еңбек қатынастары жағдайларының мониторинг қорытындысын беруге. Өз өкілеттігінің шегінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етуге, Басқарма қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар енгізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісінше шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады; еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Өз құзыреті және өкілеттіліге шегінде Басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысымен жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық (бизнес және басқару, құқық). Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс, өндірістік және өңдеу салалары, сәулет және құрылыс). Қызмет көрсету (гигиена және өндірісте еңбекті қорғау). Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (қоғамдық қауіпсіздік).
- Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы – Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы (негізгі қызметшінің баласы үш жасқа толғанға дейін оның қүтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысында болуына байланысты 29.11.2021 ж. дейін) (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Мұнайгаз, құрылыс, технологиялық машиналар мен жабдықтар, органикалық заттардың химиялық технологиясы және басқа да қызмет салаларында еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзірлеуге. Жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қатынастары мәселелері бойынша өтініштерін қарауға. жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыруға. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізуге. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыруға. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма басшысымен келісе отырып қоғам және бұқаралық ақпараттық құралдарымен байланысты қолдауға. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға. Бөлім басшысына мерзімдік есептерді, еңбек қатынастары жағдайларының мониторинг қорытындысын беруге. Өз өкілеттігінің шегінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етуге, Басқарма қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар енгізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісінше шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауаптылықта болады. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Өз құзыреті және өкілеттіліге шегінде Басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысымен жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық (бизнес және басқару, құқық). Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс, өндірістік және өңдеу салалары, сәулет және құрылыс). Қызмет көрсету (гигиена және өндірісте еңбекті қорғау). Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (қоғамдық қауіпсіздік).
- Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Өзі жұмыс істейтін Басқарма басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған жағдайлар туралы дереу хабарлауға. Ұжымдық шарт туралы, өндірістік жарақат туралы және 1-ЖМ, 1-ЖМ (ШҚ) үлгісіндегі есептерді қалыптастыру үшін мәліметтерді жинақтауға. 1-МЕИ, 1-МЕИ-ЖМ, 1-МЕИ-Ж үлгісіндегі тоқсан сайынғы есептерді дайындауға және еңбек жөніндегі уәкілетті органға жолдауға. Жоғары тұрған органдардан келіп түскен тапсырмалардың жазбаларын жүргізуге және оларды орындау туралы ақпарат пен құжаттарды дайындауға. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Маңғыстау облыстық үшжақты комиссиясының отырысында нәтижелерді қарастыра отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Еңбек жолы" конкурсының өңірлік кезеңін дайындау және өткізу. Басқарманың ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде материалдардың толық орналастырылуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үш жақты комиссияның, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі өңірлік жұмыс тобының, дағдарысқа қарсы өңірлік штабтың отырыстарына материалдар мен хаттамаларды уақтылы дайындау. Еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты оған жария болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын құпияны жария етпеуге. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Құзыретi мен өкiлеттiгi шегiнде Басқарма басшысымен, Басқарма басшысының орынбасарымен және бөлім басшысымен жүктелген басқа да мiндеттердi орындауға міндетті.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және ақпарат). Бизнес, басқару және құқық (бизнес және басқару, құқық). Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар). Қызмет көрсету (гигиена және өндірісте еңбекті қорғау).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының, "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтаманың, "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтаманың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Персоналды басқару бөлімі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Актау, 14 микрорайон, дом 1, кабинет № 434
-
Телефон для справок: 8 (7292) 316228