Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары – Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы (D-О-2 санаты, 1 бірлік)
Маңғыстау облысының әкімдігі
Маңғыстау облысы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы және әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастарды заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуге. Өзінің өкілеттілігі аясында Басқарма бөлімдерінің қызметіне бақылау және оперативтік басшылық жасауға. Басқарманың бағынышты бөлімдерінің облыс әкімінің тапсырмаларын орындау және жұмыс жоспарын орындау бойынша қызметті ұйымдастыру, үйлестіру және талдау жасауды қамтамасыз етуге. Заңнама талаптарына сәйкес еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыруды және үйлестіруді, оның ішінде бақылаудың басқа да түрлері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша орындалуы міндетті үйғарымдар беру, хаттамалар мен қаулылар құруды, ҚР заңнамаларымен қарастырылған басқа да материалдарды дайындауды қамтамасыз ету. Арнайы тексерулерді уақытылы және сапалы өткізілуін бақылауды іске асыру және жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құру туралы бұйрықтарды бақылауды жүзеге асыру, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны талдау. Мемлекеттік органдардың мәжілістеріне және кеңестік- консультативтік отырыстарға материалдарды уақытылы дайындау. Еңбек қатынасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша азаматтардың арыздары мен шағымдарын толық және уақытылы қаралуын үйлестіру. Еңбек заңнамасы мәселелеріне қатысты облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу және дайындау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді қарайды. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың жұмыс берушімен уақытылы тексеру және тексерудің толықтығын үйлестіруді қамтамасыз ету. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша және еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастарды орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырудың сапасын үйлестіруді қамтамасыз ету. Басқарма бөлімдеріндегі бағыныштылармен іс өндірісінің, құжаттаманың тиісті түрде жүргізілуін бақылау. Басқарманың басшылары мен бөлім қызметкерлеріне лауазымдық нұсқама жасақтау және оларды Басқарма басшысына бекітуге ұсыну. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды жүзеге асыру. Заңдарды қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және бағалауға қатысу. Өзінің өкілеттілігі шегінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- кимыл туралы» Заңның орындалуын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиісті түрде қабылдамағандығы үшін жауапкершілік жүктейді. Басқарма құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қолдауға. Өз қүзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Өзінің құзіреттілігі және өкілеттілігі аясында Басқарма басшысымен жүктелген басқа да міндеттерді іске асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй
-
8(7292)462111, /1103/