Жалақы бойынша берешек

Жалақы бойынша берешек

Жалақы бойынша берешек мониторингі үш санат бойынша жүзеге асырылады:

  1. Жалақы бойынша ағымдағы берешек (қалыптасу мерзімі 3 айдан аз);
  2. Жалақы бойынша мерзімі өткен берешек (қалыптасу мерзімі 3 айдан астам);
  3. Банкрот деп танылған ұйымдардағы жалақы бойынша берешек.

Жалақы бойынша берешектің толық көрінісін қамтамасыз ету үшін мониторинг прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Сондай-ақ, ақпараттың басқа көздері де негіз ретінде алынады.

Жалақы бойынша ағымдағы және мерзімі өткен берешектер анықталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторларымен берешекті өтеу туралы нұсқама енгізіледі.

Банкрот ұйымдарындағы берешек банкроттық рәсімдер аясында өтеледі.