Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Корпоративтік басқару департаменті Корпоративтік даму басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрлікке ведомстволық бағынысты Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қарайды;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын қарайды және талдайды;
мемлекеттік активтерді тиімді және сапалы басқару мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарда корпоративтік басқару мониторингін жүзеге асырады;
министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына дейін қызметтің мақсаттарын, міндеттерін және негізгі көрсеткіштерін жібереді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму стратегиялары мен жоспарлары жобаларының жиынтық-талдамалық қызметін жүзеге асырады және жетекшілік ететін мәселелер шегінде басшылықтың қарауына шығарады;
басқарма құзыреті шеңберінде Акционерлік қоғамдар, Мемлекеттік мүлік және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы Заңға сәйкес Жалғыз акционердің/ уәкілетті органның/құрылтайшының шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді;
басқарма құзыреті шеңберінде Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша ұсыныстар әзірлейді және есепті кезеңнің қорытындылары бойынша талдау дайындайды;
басқарма құзыреті шеңберінде Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының тиісті жобаларын дайындайды;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізеді;
мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік органмен келісім бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
министрліктің мемлекеттік мекемелерін қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдар аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
министрлікке ведомстволық бағынысты Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдарының басшыларын сайлау, лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбекақы төлеу шарттарын айқындау және сыйақы беру мәселесі бойынша жалғыз акционердің тиісті шешімдерінің жобаларын дайындайды;
акционер шешімінің жобаларын келіседі;
министрлікке есеп беретін Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
АҚ, ЖШС қызметіне қатысты министрлікке келісуге енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобаларын қарайды.
Блок В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2025
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (ZOOM арқылы)
-
анықтама телефоны: +7(7172)-74-05-26