«Тұмар»
Ұлттық бәйге туралы
«Тұмар» — Ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған.
Жылдан жылға отандық телевизия имиджін қолдай отырып және медиа индустрияның талантты қызметкерлерін дамыта отырып, «Тұмар» сапа мен кәсібиліктің басты көрсеткіші болып саналады.
Алғашқы салтанатты кеш 2017 жылдың 17 наурызында еліміздің астанасында Қазмедиа Холлда өтті.
Жыл сайын жеңімпаздар бас жүлдемен — жезден және әйнектен жасалған эксклюзивті мүсіншемен марапатталады. Мүсіншенің авторы – танымал суретші-зергер Қамбар Есмұханов.
Мүсінде түркі әлемінің тұмары бейнеленген. Тұмар өз иесін қашанда қорғап жүретін болған. «Тұмар» Ұлттық бәйгесінің тұмары өз иесінің қолында бостандықты және болашаққа деген сенімділікті білдіреді.
Аталмыш уақыт аралығында отандық тележурналистикасының 48 маманы эксклюзивті мүсіншенің иесі атанды.
Мақсаты
Сыйлықтың негізгі мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық теле индустриясының дамуын ынталандыру.
Міндеттері
- Елдің ең сапалы және өзекті телевизиялық контентін анықтау;
- отандық телевизия индустриясының имиджін қалыптастыру;
- телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау;
- отандық телевизия контентінің стандарттарын жақсартуға ұмтылуды ынталандыру;
- сапалы қазақстандық телевизияны дамыту және ілгерілету.