«Жомарт Жүрек» байқауы
«Жомарт Жүрек» байқауы
«Жомарт Жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.
Байқау 5 номинация бойынша өтеді:
- «Жыл тұлғасы»;
- «Жыл меценаты»;
- «Туған өлке»;
- «Жылдың үздік ұйымы»;
- «Жылдың үздік қамқоршысы».
Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында өтеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт Жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.