«Үркер» ұлттық сыйлығы

«Үркер» ұлттық сыйлығы туралы

«Үркер» ұлттық сыйлығы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтауға, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін мойындау және шығармашылықтарына қоғам назарын аударуға бағытталған.

Республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет басылымдары, Сыйлыққа қатыса алады.

Қазылар алқасы сыйлыққа үміткерлерге сараптамалық баға береді. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

Ұлттық сыйлықтың ресми сайты: www.urker-awards.kz 

Сыйлықтың міндеттері

1) баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы сапалы  және өзекті контентті анықтау;

2) өңірлердегі мультимедиалық журналистиканың дамуына көмектесу;

3) баспа, радио және интернет-журналистиканың беделін арттыру.

Сыйлықты өткізу тәртібі

1) сыйлық алуға ықтимал ізденушілерден өтінім мен конкурстық жұмыстарын қабылдау;

2) сыйлық номинанттарын іріктеу үшін білікті қазылар алқасын құру;

3) сыйлық лауреаттарын айқындау ;

4) сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімі.

Сыйлық номинациялары

1) Жылдың үздік фотосуреті;

2) Жылдың үздік репортажы;

3) Жылдың үздік аналитикалық материалы;

4) Жылдың үздік журналистік зерттеуі;

5) Жылдың үздік сұхбаты;

6) Жылдың үздік танымдық материалы;

7) Радиостанциядағы үздік жоба;

8) Жылдың үздік жаңалықтар порталы;

9) Жылдың үздік газеті;

10) Жылдың үздік журналы;

11) Шерхан Мұртаза атындағы номинация.