Этносаралық қатынас

Этносаралық қатынастар 

Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар саласының тұрақты дамуы қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда елімізде 100-ден астам этнос өкілдері бірлік, бейбітшілік және қоғамдық келісім жағдайында өмір сүруде.

Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі әрі дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

Елімізде 1000-нан астам этномәдени бірлестік бар. Этносаралық келісімді нығайтуға 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым, оның ішінде волонтерлік және жастар ұйымдары, медиация институттары, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтар, сондай-ақ медиа саласының өкілдері белсенді қатысуда.

Тоқсан сайын жүргізілетін мониторинг нәтижелері аталған саладағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, респонденттердің 85%-ы елдегі этносаралық жағдайды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайды. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары халық тарапынан кең қолдау табуда.

2026 жылдың I тоқсанында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды:

  • Қызылорда қаласында жаңа Достық үйі ашылды;
  • этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында 400 іс-шара өткізілді;
  • 100-ден астам ақпараттық-түсіндіру тобы білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында 600-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді, медиа кеңістікте 40 мыңнан астам материал жарияланды;
  • этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі Журналистер клубының құрамы 2 есеге артты. Клуб мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша 3 семинар өткізілді;
  • Алғыс айту күніне орай республика бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды;
  • 300 мыңнан астам этномәдени бірлестік өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда;
  • этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді жергілікті деңгейде жедел әрі тиімді шешу мақсатында өңір әкімдерінің этномәдени бірлестіктермен 60 кездесу және кеңесі өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

19 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

03 сәуір 2026