«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы»

Жарияланған күні: 25 маусым 2021
Жаңарту күні: 25 маусым 2021
Көру саны:97
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, сондай-ақ радио қызметкерлерін ынталандыру мақсатында әзірленді.
Жоба 2021 жылғы 25 маусымда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9690734 «Мәдениет, дін, БАҚ» бөлімінде орналастырылған және талқылау үшін қолжетімді.