Жастар саясаты

2022 жылдың басында жастар саны (14-28 жас) 3 741 083 адамды құрады (2021 жылы 3 739 883  адам), оның ішінде қалада 2 106 589 адам (56,4%), ауылда – 1 634 494 адам (43,6%).

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 68 547 адамды құрады (2021 жылы - 77 648 адам), жұмыссыз жастар санының төмендеуі байқалады.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% (2021 жылы – 3,8%) құрады.

 

Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында – 5,6%, Қарағанды облысында – 4,8%, Нұр-Сұлтан қаласында – 4,6% байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Атырау облысында - 2,4%, Ақтөбе және Павлодар облыстарында - 2,8%, Қостанай, Жамбыл және Ақмола облыстарында - 3,1%.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі 6,5%-ды құрады (2021 жылдың қорытындысы бойынша - 6,9%), 0,4%-ға төмендегені байқалады.

 

Өңірлік бөліністе 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау облысында – 12,6%, Шығыс - Қазақстан облысында – 10,8% (2021 жылы - 5,8%), Қарағанды облысында - 9,2% (2021 жылы – 9,1%) байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар облысында – 4,8% (2021 жылы – 4,9%), Қостанай облысында – 4,8% (2021 жылы - 4,9%), Абай облысында - 3,5%, Батыс Қазақстан облысында – 3,1% (2021 жылы - 3,8%).

 

2022 жылдың 2 айында 14-29 жас аралығындағы тұлғалармен жасалған 3 396 құқық бұзушылық тіркелді, 41 құқық бұзушылыққа ұласу байқалады (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 3 355 құқық бұзушылық).

 

Барлық өңірлерде:

 

- Жастар ресурстық орталықтары – 227. Оның ішінде облыстық – 13, Республикалық маңызы бар қалаларда – 3, қалалық – 39, аудандық-175.

– Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер – 218.

- Жастар ісі жөніндегі комитеттер-897.

- Жастар ұйымдары-547.

Орталық деңгейде жұмыс істейді:

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес.

 

 

Жарияланған күні

19 қыркүйек 2019

Қызмет бағыты