Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша байқау туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңның 8 мен 9 баптарына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 516 қаулысына сәйкес, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің мүшелерін 3 адам көлемінде сайлау бойынша байқау туралы хабарлайды.

2020 жылдың 20 мамыры мен 3 маусым аралығында Жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңестің кандидаттарына қатысты ұсыныстарды қабылдайды.

Қоғамдық кеңестің кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.

Құжаттар (коммерциялық емес ұйымның ұсынысы немесе азаматтардан түскен өтініштер, кандидаттың өмірбаяндық деректер, әділет органдарында коммерциялық емес ұйымды тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар) күн сайын (сейсенбі мен жексенбіден қоспағанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылданады (Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8, 14 кіреберіс, тел. 74-18-37 немесе e-mail: m.abdikarimov@qogam.gov.kz.).

Жарияланған күні

19 мамыр 2020

Жаңарту күні

22 мамыр 2020

Қызмет бағыты