Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар:
бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
бөлімшелердің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілсін.
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2025 жылға арналған кестесі бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Министрлікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы мерзімі 2025 жылғы 16 сәуірден бастап 30 мамыр аралығындағы кезең болып айқындалсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысы Р.З. Мұхаметқалиға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс.
Министр қол қойылды А. Балаева
45
01 сәуір 2025 15:59
01 сәуір 2025