«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 27 наурыздағы № 111-НҚ бұйрық
№ 111-НҚ от 27.03.2025
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамынан Ә.Е. Әбілғазинов, А. Омаров, Г.М. Кужекеева шығарылсын;
2) мына:
«Қалтаева Ләззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалтаева Ляззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі»;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-миниcтріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
43
28 наурыз 2025 10:25
28 наурыз 2025