"Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64-НҚ бұйрығы
№ 64-НҚ от 13.02.2025
Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілгеннен кейін оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Балаева
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2025 жылғы «__» _______
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 442-НҚ бұйрығы;
3) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы.
64
17 ақпан 2025 10:18
17 ақпан 2025