Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына байқау жариялайды

Байқауға қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген

кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 ғимарат мекенжайында орналасқан, тел.: 8(7172)70-53-03

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты - халықты рухани-мәдени байыту, әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды насихаттау.

Жарияланған күні

28 наурыз 2024 15:15

Жаңарту күні

28 наурыз 2024