«Мәдениет саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жазба
«Мәдениет саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жазба
- 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы бекітілген № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ережесінің 15-тармақтың 314) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің қатысуымен өткен кездесу қорытындыларының хаттамасын іске асыру мақсатында.
12