"Петиция беру үшін интернет-ресурсты айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрық
Петиция беру үшін интернет-ресурсты айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
90-2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтармен петиция жолдауға арналған интернет-ресурс ретінде айқындалсын.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Министр |
|
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 16.11.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33647 болып енгізілді
43
16 қараша 2023 12:27
16 қараша 2023