«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысың жобасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық болып табылады әрі мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.
Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 18-1- тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруға мүмкіндік беріледі.».
- Осы қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
25
06 қараша 2023 11:50
06 қараша 2023