"Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасы
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
бұйрығымен бекітілген |
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы субъектілерге келіп түсетін петицияларды тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды. - Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау – петиция беруші петиция беретін ақпараттық жүйе;
2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;
3) петиция беруші – Кодексте белгіленген тәртіппен петиция берген Қазақстан Республикасының азаматы;
4) субъект – өз құзыретіне сәйкес петицияларды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган;
5) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган.
2-тарау. Тіркеу және есепке алу тәртібі
- Субъектінің атына келіп түскен петиция «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде тіркелуге жатады.
Петицияны қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
- Петицияны тіркеу ол субъектіге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Петицияның тіркеу нөмірі алғашқы тіркеу кезінде толассыз тәртіппен тек бір рет беріледі және әріптік индекстен, сондай-ақ бірегей нөмірден тұрады.
- Петиция үшін «П» әріптік индексі беріледі.
- Бірегей нөмірде алғашқы төрт сан тіркелген жылды, келесі сегіз сан реттік нөмірді білдіреді.
- «Е-петиция» модулінде петиция тіркелгеннен кейін петиция берушіге бірінші жұппен – тіркеу жылы, екінші жұппен – тіркеу айы, үшінші жұппен – тіркеу күні, мынадай сегіз санмен-реттік нөмірі көрсетілген петицияның бірегей нөмірі бар хабарлама жіберіледі.
- Петицияны қарау мерзімі:
1) орталық атқарушы органмен петицияны тіркеген күннен бастап қырық жұмыс күнінен аспайды;
2) жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органмен петицияны тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
- Тіркелген петицияларды есепке алуды субъект «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде жүзеге асырады.
- Субъектінің петицияны қарау нәтижелері уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша тіркеледі.
Нысан субъект қабылдаған әрбір шешімге жеке толтырылады.
12
30 қазан 2023 14:27
30 қазан 2023