«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 399-НҚ бұйрығы
«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
|
Балаева Аида Ғалымқызы |
– |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға; |
2) аталған комиссияның құрамынан Д.Қ. Қыдырәлі шығарылсын;
3) мына:
|
«Қадыров Данияр Рамазанұлы |
– |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары;» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
«Қадыров Данияр Рамазанұлы |
– |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары;»; |
4) мына:
|
«Рақымов Бекзат Рақымұлы |
– |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры, хатшы;» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
«Рақымов Бекзат Рақымұлы |
– |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры, хатшы;». |
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-миниcтріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
47
12 қазан 2023 11:45
12 қазан 2023