«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеменің 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, жүктелген міндеттерді сапалы іске асыруды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментіне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат
және қоғамдық даму министрі А. Омаров
82
Жарияланған күні
27 шілде 2022 16:07
Жаңарту күні
27 шілде 2022
Түрі