Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. № 2 2021 жылғы 27 мамыр
Төрағалық еткен:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Б.А. Тлепов
Қатысқандар: (тізім бойынша)
- Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасы туралы
(Тлепов, Рақымов, Диденко, Нұрғазиева)
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Б.Р. Рақымовтың ақпараты назарға алынсын.
- Комиссия мүшелері О.А. Диденконың, Б.Ғ. Нұрғазиеваның есеп бойынша пікірлері назарға алынсын.
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төмендегі ұсыныстарды ескерсін:
– комиссия мүшесі О.А. Диденконың Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) есепте көрсетілген ұсынымдарды іске асыру барысын мониторингтеу өкілеттіктерін беруге қатысты;
– комиссия мүшесі Б.Ғ. Нұрғазиеваның комиссия отырыстарында ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мемлекеттік органдардың есептерін тыңдау бойынша.
- Тұтастай алғанда, Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есептің жобасы мақұлдансын және Мемлекет басшысына ұсыну үшін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.
- Жергілікті атқарушы органдар (Ақтөбе, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары) 2021 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде әкімдік басқармалары мен аудандық әкімдіктерді қоса алғанда, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаларды айқындасын.
|
Комиссия төрайымының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі |
Б. Тлепов |
|
Комиссия хатшысы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры |
Б. Рақымов |
8
04 маусым 2021 00:00
04 маусым 2021