Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» 2020 жылғы 17 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
11.12.2020ж. № 405
Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық даму министрінің
«Қазақстан Республикасының Ақпарат
және қоғамдық даму министрлігі жанындағы
Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі
үйлестіру кеңесін құру туралы» 2020 жылғы
17 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» 2020 жылғы 17 наурыздағы № 89 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасындағы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Балаева
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы «17» наурыздағы
№ 89 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
|
Оралов Асхат Раздықұлы
|
-
|
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, төраға; |
|
Байманов Шахмардан Асқарұлы |
-
|
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
|
|
Оңғаров Таланат Шырынбекұлы |
-
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы, хатшы;
|
|
Салық Мақпал Салыққызы |
- |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы;
|
|
Әбуова Қарлығаш Өсербайқызы |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Статистика, үйлестіру және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы (келісім бойынша);
|
|
Еркебаева Назира Берікбайқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының басшысы (келісім бойынша);
|
|
Қашырбеков Бақыт Серікбайұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы (келісім бойынша);
|
|
Кәрібжанов Ержан Көптілеуұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы (келісім бойынша);
|
|
Омарова Никира Асулбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Білім және ғылыми жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша);
|
|
Оспанов Әсет Омарұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша);
|
|
Болысов Тохтар Коммунарұлы |
-
|
«Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
|
|
Ким Вера Александровна |
-
|
«Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);
|
|
Бахретдинов |
- |
«Ұлан-ғайыр Дала Елі» («Страна великой степи») қоғамдық бірлестігінің директоры, Назарбаев орталығы жанындағы Орталық Азия БҰҰ Моделі» үйлестіру орталығының жетекшісі (келісім бойынша);
|
|
Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы |
- |
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
|
|
Данияр Азамат Алматұлы |
-
|
«Жасыл Ел» Жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Демесінова Лаура Бағланқызы |
-
|
«Болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, Президенттік жастар кадрлық резерві (келісім бойынша);
|
|
Елжанов Рүстем Батырханұлы |
- |
«Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
|
|
Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы |
- |
«Қазақстан волонтерлар Лигасы» қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша);
|
|
Жұмырбаев Тимур Ғабдоллаұлы |
-
|
«ЖАРАСЫМ» жастар ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Исқакова Аида Омарқызы
|
- |
«Жастардың іскерлік кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
|
|
Катенов Ильдар Загедерейевич
|
- |
«Ұлы Дала Скауттары» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы (келісім бойынша); |
|
Құсманов Әділ Миратұлы |
- |
«NU Alumni» ҚБ Кеңесінің төрағасы (Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы) (келісім бойынша);
|
|
Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы |
-
|
«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
|
|
Сәдуақасова |
-
|
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
|
|
Сакошев Аян Қажимирұлы |
-
|
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);
|
|
Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы |
-
|
«Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық Студенттік Қозғалыс» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
|
|
Түспекова Құралай Айтқабылқызы
|
-
|
«Ұлттық Дельфий Комитеті» корпоративтік қорының директоры (келісім бойынша); |
|
Рыстина Индира Садыбекқызы
|
- |
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, ректор кеңесшісі, Президенттік жастар кадрлық резерві (келісім бойынша). |
_______________________________
14
22 желтоқсан 2020 00:00
22 желтоқсан 2020