Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті Инновацияларды қолдау құралдары басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

428566

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көлік құрылысы
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: математика
  • Білім: физика

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыреті шеңберінде бюджеттік процесті жүзеге асыруға, оның ішінде тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, Министрліктің стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу. ұлттық стартап экожүйесін дамыту бойынша, оның ішінде қабылданатын шаралардың тиімділігі тұрғысынан талдау нәтижелері негізінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде жасалған халықаралық шарттар шеңберінде халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік қарсы әріптестермен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу. Инвестициялар тарту жүйесін және инновациялар саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Елдің инновациялық қызмет және ғылыми-техникалық дамуы саласындағы ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Инновациялық қызмет және елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйелерінің процестерін үйлестіру және жүзеге асыру. Елді инновациялық дамыту және ғылыми-техникалық дамыту саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, ұлттық инновациялық және ғылыми-техникалық жүйенің тиімділігіне талдауды жүзеге асыру. Инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау. Реттелетін салаларда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Елдің ғылыми-техникалық дамуының перспективалық бағыттарын қалыптастыру. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалық бағыттарын қалыптастыру. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау. Министрлік жетекшілік ететін салаларда іске асырылған ғылыми-техникалық жобаларды қаржылық-экономикалық талдау. Маркетинг, ғылыми-техникалық қызмет жобаларын коммерцияландырудың экономикалық орындылығына қаржылық шолу. Елдің ғылыми-техникалық дамуын ынталандырудың қаржылық және қаржылық емес шараларын іске асыру мониторингі. Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма құзыреті шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуге қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде Ұлттық экожүйені дамыту және ғылыми - техникалық даму жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2022 – 20.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649159