Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау басқармасының басшысы, № 07-4-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Үкімет отырыстарына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Министрдің аппараттық кеңестеріне дайындауды қамтамасыз ету. Хаттамалық шешімдерді ресімдеу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың интернет-порталына және Министрліктің сайтына ақпарат дайындау және уақытылы орналастыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Министрдің Қазақстан аймақтарына сапарларына материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Министрлік алқасының отырыстарына, Министрдің Қазақстан Республикасының Президенті алдында, Қазақстан Республикасының Үкіметінде Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Үкіметтік сағатта есеп беруіне материалдар дайындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Қоғамдық кеңес отырысына ақпараттық материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Департаменттің құзыретіне кіретін жұмысты ұйымдастыру және қорытындысын шығару. Бизнес-процесстерді оңтайландыру жолымен ішкі процесстерді жетілдіру. Орындаушылық тәртіптің жоғарылануына бағытталған Министрлік қызметінің трансформациясын жүргізу. Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін Министрлік қызметінің жетекшілікететін бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау. Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жалпы үйлестіру. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тоқсан сайынғы ішкі мониторингін жүргізу. Министрлік, оның ведомствосы, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді орталық мемлекеттік орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына жыл сайынғы ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі мәселелері бойынша жалпы үйлестіру. Операциялық бағалау жүргізуді қамтамасыз ету, бағалауға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өткен жылдың қорытындылары бойынша бағалауға уәкілетті органдарға есептік ақпарат ұсыну. Операциялық бағалаудың әрбір блогы бойынша қызметтің тиімділік көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жолымен операциялық бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен комиссияның тапсырмалары мен ұсынымдарын операциялық бағалау қорытындылары бойынша деректердің орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239