«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Сипаттама
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы – бұл кешенді бағдарлама, оның мақсаты сандық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Іске асыру мерзімі – 2018-2022 жж.
Бағыттары
- "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайта құру.
- "Цифрлық мемлекетке көшу" – халыққа және бизнеске қызмет көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын олардың қажеттіліктерін алдын ала отырып қайта құру.
- "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" – деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
- "Адами капиталды дамыту" – креативті қоғам құруды және жаңа шындыққа – білім экономикасына көшуді қамтитын қайта құрулар.
- "Инновациялық экожүйені құру" – бизнес, ғылыми сала мен мемлекет арасында орнықты байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.
Мақсаттар
Орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың принципті жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау.
Міндеттер
- Өнеркәсіп пен электр энергетикасын цифрландыру.
- Көлік және логистиканы цифрландыру.
- Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
- Электрондық сауданы дамыту.
- Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
- Мемлекет - азаматтарға.
- Мемлекет - бизнеске.
- Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
- "Ақылды" қалалар.
- Байланыс желілері мен АКТ инфрақұрылымын жабуды кеңейту.
- АКТ саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде сандық сауаттылықты арттыру.
- Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
- Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
- Технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, мәдениет стартап және ҒЗТКЖ.
- "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
- Инновацияға сұранысты қалыптастыру.