Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

"Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" жалпыреспубликалық акциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде өтеді.

2019 жылғы 21 қарашада сағат 16:00-деминистр Асқар Жұмағалиев азаматтарды қабылдайды.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8-үй, Министрліктер үйі, 2- кіреберіс.

Қабылдауға жазылу үшін8 (7172) 74-98-44телефон нөміріне хабарласу қажет.

Сонымен қатар, сұрақтарыңызды электрондық үкімет порталы арқылы жолдауға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» платформасындағы бейнеөтініш қызметін пайдалануға болады. Сіздердің  өтініштеріңіз  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес тіркеледі және қаралады.

Жалпыреспубликалық акция ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылады.

Оқиға күні

21 қараша 2019

Өткізу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел к-сі 8-үй, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс

Оқиға түрі

Кездесу

Кіру

Қабылдауға жазылу қажет