Технологияларды коммерцияландыруға жобаны іске асырудың 1-ші және 2-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен инновациялық гранттар беруге конкурстың басталғаны туралы хабарлайды:

- «Өнімді нақтылау және коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу, соның ішінде инвестицияларды тарту» жобасының 1-ші кезеңіне технологияларды коммерцияландыруға қабылдау 2024 жылдың 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі;

- «Өнімді өндіруді бастау (енгізу және қолдау) және оны нарықта сату (коммерцияландыру)» жобасының 2-ші кезеңіне технологияларды коммерцияландыру қабылдау 2024 жылдың 27 мамыр мен 27 маусым аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі .

Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).

Жарияланған күні

11 наурыз 2024

Жаңарту күні

11 наурыз 2024