Гранттық қаржыландыру бойынша кеңес мүшелерінің құрамына енгізуге конкурс мерзімінің созылуы туралы хабарландыру

«QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің қолдауымен гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамына қосуға арналған конкурстың мерзімінің созылуы туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 7 сәуір күні сағат 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүзеге асырылады.

Қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Pdf форматындағы өтініштер, өтініш нысанын жүктеу;
  2. Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білімі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі туралы құжаттардың, лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың көшірмелері.
  4. Кандидат туралы мәліметтер ,pdf форматында- мәліметтер нысанын жүктеу.

Барлық құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде немесе қажет болған жағдайда өзге де тілдерде электрондық поштаға: b.rymgaliyev@qazinn.kz Тел. +7 (7172) 72 55 83 (205).

Жарияланған күні

31 наурыз 2023

Жаңарту күні

31 наурыз 2023