Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының аумағында нөмірлеу ресурсын бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығымен бекітілген «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 21-тармағына сәйкес, нөмірлер алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлер бөлуге өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба.
Порталда «Байланыс және БАҚ» бөлімі – Рұқсаттар
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу, қайта ресімдеу, оның күшін жою тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.
Сонымен қатар, Қағидалардың 30-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді сол бір РЭҚ пайдаланған жағдайда, РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға ЭМҮ қосымша сараптама қорытындысы талап етілмейді.
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттар жібереді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (шақыру дабылын беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының туымен жүзетін кемелер үшін);
2) сұралатын радиожиілік жолағын (номиналын) негіздеу жүргізілетін түсіндірме жазба, онда пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолдануға жоспарланған РЭС техникалық сипаттамалары, жоспарланатын радиожелінің (радиолиния) сипаты мен мақаты туралы мәліметтер жан-жақты баяндалады. Оның ішінде, түсіндірме жазбаға мыналар қоса беріледі:
- HUB-станциясы бар спутниктік байланыс ұйымы үшін, бөлінетін радиожиіліктер номиналдары (жолақтар), тиімді изотропты сәулеленетін қуаттылық, суәлелену сыныбы, VSAT-станция түрі көрсетілген спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы геостационарлық емес спутниктерді пайдалануға беру үшін, Халықаралық электробайланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес геостационарлық емес спутниктік желіні тіркеуге Халықаралық электробайланыс одағының оң қорытындысының көшірмесі;
- телерадиохабартарату мақсаттары үшін жиіліктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) жолақтарын бөлу бойынша өткізілген конкурстың оң нәтижесі;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері үшін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының аумағында РЖС-ке рұқсат алуға келісім беру туралы хатының көшірмесі;
3) радиобайланыс түріне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтық жылжымалы стационарлық радиоэлектр құралына (2G, 3G, 4G ұялы байланыс базалық станиясына), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL), УҚД, ҚД стационарлық радиоэлектрондық құралына, стационарлық радиоэлектрондық құралына, транкингтік радиобайланыс және деректер беру желілеріне және теңіз қызметтері (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және т.б.) желілеріне сауалнама не 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама не 7-қосымшаға сәйкес телерадиохабар таратқышқа сауалнама не 8-қосышаға сәйкес жер станциясына сауалнама толтырылады (кемес станциялары үшін осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық деректер бойынша сауалнама толтырылады).
Порталдағы Байланыс және БАҚ» бөлімі - Рұқсаттар.
Байланыс саласындағы қызметтерді ұсынуға лицензия беру «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 151/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттар жібереді.
Порталда: «Байланыс және БАҚ» бөлімі – Лицензияланатын түрше – Байланыс қызметтерін ұсынуға лицензия беру
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеудің күші жойылды.
Бұдан басқа, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
«Байланыс туралы» Заңның 29-бабының 1-тармағына сәйкес, байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес, қызметтер көрсету туралы шарт техникалық мүмкіндік болған кезде жасалады
Ұялы байланыс сигналының сапасына және мобильді кең жолақты Интернетке қосылу проблемасына қатысты электрондық үкімет порталы арқылы немесе Өңіраралық байланыс инспекциялары атына не Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қолма-қол ресми өтініш беру қажет, өтініште орын алған проблема, нақты мекенжай, байланыс операторы, өз байланыс деректері көрсетілуі тиіс. Өтініш келіп түскеннен кейін мемлекеттік орган тексеріс жүргізеді және бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторына қатысты әкімшілік айыппұл жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізіледі.
Инспекциялар:
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Ақмола облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеудің күші жойылды. Бұдан басқа, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді
Интернеттің сапасына қатысты электрондық үкімет порталы арқылы немесе Өңіраралық байланыс инспекциялары атына не Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қолма - қол ресми өтініш беру қажет, өтініште орын алған проблема, нақты мекенжай, байланыс операторы, өз байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
Инспекциялар:
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Ақмола облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ