Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің (бұдан әрі - Министр) 2024 жылғы 16 ақпанда Министрдің 2020 жылғы 5 қазандағы №370/НҚ және 2020 жылғы 1 қазандағы №364/НҚ бұйрықтарымен бекітілген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жақсартуға және арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 73/НҚ және № 74/НҚ бұйрықтарына қол қойылды.
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №1008 жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын алушылар үшін кіріс шарты ретінде базалық критерий енгізілді.
- «Инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №339/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 683/НҚ бұйрығына сәйкес басым бағыттардың тізбесі «Әлеуметтік инновациялар» бағытымен толықтырылды.