Қазақстандағы цифрлық майнинг индустриясы бойынша
2023 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша Министрлік цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға:
7 ұйымға I кіші түрдегі лицензия – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнерлерге;
3 ұйымға лицензияның II кіші түрі берділді – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерлерге берілді.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға I кіші түр лицензиясын алған 7 ұйым:
- «Aktobe Smart Tech.» ЖШС;
- «Techno Kar» ЖШС;
- «ENEGIX» ЖШС;
- «West Smart Trading» ЖШС;
- «Falcon Technology Company Ltd.» Жеке компания;
- «Green Power Solution Ltd.» Жеке компания;
- «Кинур» ЖШҚ Жамбыл филиалы.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға II кіші түр лицензиясын алған 7 ұйым:
- «Nova Element» ЖШС;
- «VerCom» ЖШС;
- «KINUR INVEST» ЖШС.
408
29 тамыз 2023 19:50
29 тамыз 2023