Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысы.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 4 және 9-тармақтарына, 98-бабы 1-тармағының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі бекітілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
|
|
|
Премьер-Министрі
|
Б. Сағынтаев
|