«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі

"Astana Hub" халықаралық технопаркі - бұл Қазақстанда инновациялық экожүйені құрудың маңызды компоненті. Компания 2018 жылы ашылды. Бүгін - бұл Қазақстандағы IT-стартаптарды қолдаудың бірыңғай терезесі. Хаб алаңында стартап-командалар жобаларын акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары іске қосылып жұмыс істеп жатыр. Қаржыландырудан басқа, мұнда жаңашылдарға отандық және халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатуға көмек беріледі.

Технопарк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылды. "Astana Hub" ғаламдық миссиясы - инновациялық жобаларды дамыту және әлемнің түкпір-түкпірінен жас және талантты IT-мамандарды тарту орталығына айналу.

"Astana Hub" бүгін стартап-командалар, IT-компаниялар, инвесторлар және басқа да ойыншылар үшін бірыңғай сандық және материалдық платформа болып отыр, бұл Қазақстандағы ірі технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыруға оң әсер етуі тиіс. Сонымен қатар, Хаб Қазақстан инновациясын дамытудың ядросы мен локомотивіне, сондай-ақ халықаралық деңгейде танылған технологиялық бизнесті дамыту орталығына айналуға тиіс.

Бүгінгі күні 100%-ға толтырылған Технопарк Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесінің аумағындағы павильондардың бірінде орналасқан.  

Мекен жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8, С 4.6 павильон.

Байланыс телефондары: 8 (7172-2) 73- 50-89, 1818, веб-сайт: astanahub.com.

Басшы: Қордың бас директоры Мадиев Мағжан Дінмұхаммедұлы.

2020 жылғы «ASTANA HUB» қызметі туралы