«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

2000 жылы құрылған Компания электрондық үкімет инфрақұрылымының операторы болып табылады. Басқаша айтқанда, кәсіпорын осындай порталдардың үздіксіз жұмысы үшін жауап береді: Электрондық үкімет "egov.kz" және "elicense" электрондық лицензиялау. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік деректер қоры үшін ақпараттық жүйеге техникалық қолдау көрсетеді: "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі", "Мекенжай тіркелімі". Күн сайын компания қызметкерлері "1414" бірыңғай байланыс орталығына азаматтардың мыңдаған өтініштерін қабылдап, өңдейді.

Сонымен қатар, "ҰАТ" АҚ мемлекеттік органдар үшін ведомствоаралық және типтік ақпараттық жүйелерді сүйемелдеумен және дамытумен айналысады. Бұдан басқа, компания сарапшылары ведомстволық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды құру, пайдалану кезінде технологиялық және әдіснамалық көмек көрсетеді. 

Басшы: Басқарма төрағасы - Бекманов Дәулет Нысанқұлұлы

Мекен жайы: Астана қ, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, 55/14, С 2.3 блогы

Байланыс телефондары: 8 (7172) 70-19-99

Веб-сайт: www.nitec.kz