Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда

Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді.

Лицензиялау – арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған негізгі құралдардың бірі.

Лицензиялық талаптар санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың болуын, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуді, білікті кадрлармен жасақталуды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімді жағдайлар жасауды көздейді.

600-ден астам ұйым лицензия алды

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 632 ұйым лицензия алды, олар 108 281 қызмет алушыны қамтиды.

Олардың ішінде:

  • 466 мемлекеттік ұйым (КММ);

  • 166 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ).

Барлығы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға 704 лицензия берілді.

Қызмет көрсету нысандары бөлінісінде лицензиялар төмендегідей бөлінеді:

Стационарлық жағдайда қызмет көрсету – 122 лицензия, қамту – 25 018 қызмет алушы.

Оның ішінде:

  • қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған – 49 ұйым, қамту – 15 381 қызмет алушы;

  • 18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 56 ұйым, қамту – 8 368 қызмет алушы;

  • мүгедектігі бар балаларға арналған – 17 ұйым, қамту – 1 269 бала, оның ішінде:

    • психоневрологиялық бұзылыстары бар балалар – 15 ұйым, 1 093 бала;

    • тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар – 2 ұйым, 176 бала.

Жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету – 188 лицензия, қамту – 15 878 қызмет алушы.

Оның ішінде:

  • мүгедектігі бар балаларға арналған – 121 ұйым, қамту – 7 934 бала;

  • 18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 40 ұйым, қамту – 4 586 қызмет алушы;

  • аралас үлгідегі – 27 ұйым, қамту – 3 358 қызмет алушы.

Уақытша болу жағдайында қызмет көрсету – 68 лицензия, қамту – 4 192 қызмет алушы.

Оның ішінде:

  • тұрғылықты жері белгіленбеген адамдарға арналған дағдарыстық бейімдеу орталықтары – 25 ұйым, қамту – 3 216 қызмет алушы;

  • тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған – 34 ұйым, қамту – 844 қызмет алушы;

  • адам саудасының құрбандарына арналған – 9 ұйым, қамту – 132 қызмет алушы.

Үйде қызмет көрсету – 308 лицензия, қамту – 63 193 қызмет алушы.

Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша жұмыс

Лицензиялау жүйесін практикалық іске асыру барысында ұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің жекелеген жағдайлары анықталуда.

Олардың ішінде медициналық лицензияның қажетті кіші түрлерінің болмауы, штат нормативтерінің сақталмауы, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актілерінің немесе аудит қорытындыларының болмауы, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі неғұрлым жиі кездеседі.

Бұл ретте анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін лицензия алуға өтінішті қайта беруге кедергі келтірмейді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялауды, ұйымдарға баруды, сондай-ақ коммуникацияның басқа да арналарын пайдалана отырып, жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдардың және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысатын онлайн-кеңестер де тұрақты негізде өткізіледі.

Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында проблемалық мәселелер қаралып, ұйымдарға консультациялық көмек көрсетіледі және оларды шешудің практикалық жолдары әзірленеді.

Әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Оған сәйкес объектілерді пайдалануға беру кезінде олардың мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу функциясы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жүктелді.

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша аумақтық департаменттерге объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісуге 318 өтініш келіп түсті.

Олардың ішінде:

  • 113 (35,5%) – қаралуда;

  • 84 (26,4%) – кері қайтарылған;

  • 62 (19,5%) – келісілген;

  • 51 (16,1%) – келісуден бас тартылған;

  • 8 (2,5%) – келісу талап етілмейді.

Өтініштердің ең көп саны Алматы қаласынан – 63, Жетісу облысынан – 26, Қостанай және Павлодар облыстарынан – 23-тен, Шымкент қаласынан – 21, Маңғыстау және Ақмола облыстарынан – 20-дан келіп түскен.

Бұл бағыттағы жұмыс объектілердің нақты қолжетімділігін қамтамасыз етуге, кедергісіз орта қалыптастыруға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының құқықтарын сақтауға бағытталған.

Алдағы міндеттер

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

Негізгі назар лицензиялық талаптардың сақталуына, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қолжетімді инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және әлеуметтік қызметтер көрсетушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге аударылады.

Анықтама үшін: 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтермен 108 281 адам қамтылған, 632 ұйым лицензия алған, 704 лицензия берілген.