Мүгедектігі бар адамдарға 417,4 мың техникалық құрал мен әлеуметтік қызмет көрсетілді

2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 417,4 мың іс-шара немесе қажетті (534,6 мың) санының 78,1%-ы іске асырылды.

Оның ішінде: арнайы жүріп-тұру құралдарымен (кресло-арбалармен) 84,8% (15,1 мың қажет етушілерден 12,8 мың қамтамасыз етілген), протездік-ортопедиялық көмекпен 63,3% (78,5 мың қажет етушілерден 49,7 мың қамтамасыз етілген), сурдотехникалық құралдармен 80,3% (11,4 мың қажет етушілерден 9,1 мың қамтамасыз етілген), тифло-техникалық құралдармен 77,2% (23,8 мың қажет етушілерден 18,4 мың қамтамасыз етілген), санаторий-курорттық емдеумен 61,3% (149,6 мың қажет етушілерден 91,5 мың қамтамасыз етілген), жеке көмекші қызметімен 97,5% (27 мың қажет етушілерден 26,3 қамтамасыз етілген) ымдау тілі қызметімен 96,1% (8,9 мың қажет етушілерден 8,5 мың қамтамасыз етілген),  міндетті гигиеналық құралдармен 91,3% (219,9 қажет етушілерден 200,7 мың қамтамасыз етілген).