Мүгедектік қалай белгіленеді?

Жарияланған күні: 04 қыркүйек 2026

Қазақстанда мүгедектікті белгілеу тәртібі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен реттеледі.

Ол ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалауға негізделген.

Медициналық тексерудің толықтығы мен көлемін, сондай-ақ азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігін дәрігерлік-консультациялық комиссияның төрағасы қамтамасыз етеді.

Дәрігерлік-консультациялық комиссиясы азамат тіркелген медициналық ұйымда орналастырылған.

Медициналық-әлеуметтік сараптама көзбе-көз және сырттай форматтарда жүргізіледі.

Көзбе-көз куәландыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы МӘС бөліміне жүгінеді.

Сырттай проактивті форматта өтініш берушінің денсаулық жағдайы туралы ДКК қорытындысы МӘС бөліміне ақпараттық жүйе арқылы келіп түседі. Бұл азаматтың қатысу қажеттілігін болдырмайды.

Сырттай сараптама жүргізуге арналған құжаттар иесіздендірілген түрде аумақтан тыс үш МӘС маманына жіберіледі.

Бұл сарапшыларға ұсынылған құжаттардың кімге және қай өңірге тиесілі екенін білмейтінін білдіреді.

Сырттай куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша жүргізіледі.

Олардың ішінде онкологиялық аурулар, туберкулез аурулары, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, балалардағы 1-типті қант диабеті және мукополисахаридоз, ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдай және гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парездері және басқа да аурулар.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігі іске қосылды.

Оларға аяқ-қол анатомиялық кемістіктер, Даун синдромы және мукополисахаридоз жатады.

МӘС маманы мүгедектік тобын белгілеу туралы шешім қабылдап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдарға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейді.