Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер
ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады.
2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет Басшысы жоғарыда аталған функцияларды беруге қатысты түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жобасын дайындап, орналастырды.
Бірлескен бұйрық жобасында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.
Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.
Бірлескен бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139386
17 шілде 2024
Пресс-релиз