«2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 қазандағы №750-14қ Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 48-тармағына сәйкес «2024-2028 жылдарға арналған Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді.
2023 жылдың 23 қазанында қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды. 2023 жылдың 7 қарашасына дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14759838
Оқиға күні
23 қазан 2023
Оқиға түрі
Пресс-релиз