«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
баспасөз-релизі 
 

 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ ЗРК Заңына өзгерістер енгізуді жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінен көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган деңгейіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу функциясын беру болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейді.

Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлігінде орналастырылған.

Жарияланған күні

23 шілде 2020 00:00

Жаңарту күні

23 шілде 2020

Жарияланды