2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық - әлеуметтік сараптаманың негізгі бағыттары туралы ақпарат С
Мүгедектігі бар адамдардың саны
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) жалпы саны 760,6 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде ересек тұрғындар – 637,5 мың адам, балалар – 124,0 мың адам.
Ересек тұрғындар құрылымында:
-
I топ – 88 486 адам;
-
II топ – 269 638 адам;
-
III топ – 279 366 адам.
Мүгедектігі бар адамдардың жас құрылымында еңбекке қабілетті жастағы адамдар басым: 534,7 мың адам немесе 70,2% (2026 жылғы 1 қаңтарда – 413,7 мың адам немесе 55,0%).
Зейнеткерлік жастағы адамдар – 225,9 мың адам (29,8%).
Балалар арасында:
-
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала – 36 904 адам;
-
I топтағы мүгедектігі бар бала – 11 774 адам;
-
II топтағы мүгедектігі бар бала – 33 410 адам;
-
III топтағы мүгедектігі бар бала – 41 948 адам.
Алғашқы мүгедектік деңгейі
Есепті кезеңде республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 11,6-ны (11,3) құрады, яғни 0,3 пунктке өсті.
Анықтама: Алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда мүгедектіктің алғаш рет белгілену жиілігін сипаттайды және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып, деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
2026 жылдың 8 айында алғаш рет мүгедектігі бар адам деп танылғандардың саны – 38 481 адам (37 620 адам), оның ішінде ересектер арасында – 27 509 адам (27 317 адам), 18 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 956 адам (10 303 адам).
Бұл ретте 2,3%-ға өсу байқалады.
Ересек тұрғындар арасындағы алғашқы мүгедектіктің ауру түрлері бойынша құрылымы
Талданып отырған кезеңде ересек тұрғындар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында бірінші орынды қатерлі ісіктер иеленді – 30% (27,4%).
Екінші орында – қанайналым жүйесінің аурулары – 25,3% (26,1%).
Үшінші орында – барлық локализациядағы жарақаттар – 6,9% (7,8%).
18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымы
18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында:
-
бірінші орында – психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік – 42,1% (32,6%). 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда психикалық бұзылыстар салдарынан болған мүгедектік жағдайларының 37,4%-ға күрт өскені байқалады (4 615 балаға қарсы 3 360 бала);
-
екінші орында – туа біткен ақаулар – 17,5% (22,4%);
-
үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары – 14,6% (17,3%).
Қайта куәландыру нәтижелері
Есепті кезеңде барлығы 81,5 мың адам қайта куәландырылды, оның ішінде 66,3 мың адам мүгедектігі бар адам деп танылды.
Қайта куәландыру көрсеткіштерінің динамикасы
-
Барлық санаттар бойынша толық оңалту көрсеткіші:
7 933 адам – 6,7% (8 141 адам – 7,0%). -
Барлық тұрғындар бойынша ішінара оңалту:
7 148 адам – 13,4% (7 065 адам – 14,3%). -
Мүгедектік дәрежесінің ауырлауымен қайта куәландырылғандар:
6 083 адам – 5,9% (6 148 адам – 6,0%).
25
18 қыркүйек 2026 12:19
18 қыркүйек 2026