Лингвистикалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, № 03-02, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне - 2023 жылғы 28 қазан).
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Лингвистика
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, тіл саясаты саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу және осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара ықпалдасу және оларға кеңестік қызмет көрсету; жетекшілік ететін бағыты бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру; басқарманың бағыттары бойынша қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейтуге қажетті әдістемелік, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету; басқарманың бағыттары бойынша ғылыми-лингвистикалық құрылымдармен байланыс орнату; басқарманың бағыттары бойынша ғылыми-лингвистикалық мәселелерге арналған іс-шаралар ұйымдастыру; мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында балаларға арналған анимациялық фильмдер әзірлеуді ұйымдастыру; мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған тележобалар әзірлеуді ұйымдастыру; басқарманың бағыттары бойынша шығарылатын кітап өнімдерін әзірлеу, басып шығару және тарату жұмыстарын ұйымдастыру; тіл саласын ақпараттық қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде комитеттің әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысу және оны өткізу үшін әзірленетін конкурстық құжаттамаларды қарау; Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстарды жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде өтініштерге, депутаттық сауалдарға және басқа да құжаттарға жауаптар әзірлеу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша комитеттің тапсырысымен республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобалардың орындалу барысын бақылау; өз бағыты бойынша ақпараттық технологияларды қолдану және қызметін автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстарды жүргізу (қажет болған жағдайда); өз құзыреті шегінде «Ашық деректер» порталына түскен өтінімдерге уақытылы жауап беру және орналастыру үшін ашық деректер тізбесін қалыптастыру; комитеттің істер номенклатурасына сәйкес өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды қалыптастыру; басқарма шегінде өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.05.2021
- Нұр-Сұлтан қ, Сол Жағалау, Мәңгілік Ел, 8, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс, 2 қабат, блок «А»
-
(7172)74-01-84