«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 153-1) тармақшамен толықтырылсын:
«153-1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексерілетін субъектіні мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу үшін өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
56
17 сәуір 2024 11:10
17 сәуір 2024